01
декабрь
2025
«Цифрлы дәуір-ғылыми ізденіске жаңа тыныс» атты физика және информатика пәндер апталығы басталды.
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінің оқу жоспарына сәйкес «Цифрлы дәуір-ғылыми ізденіске жаңа тыныс» атты физика және информатика пәндер апталығы басталды.
Апталықтың мақсаты- физика және информатика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру. Сабақты қызықты өткізу формаларын қолдана отырып, барлық балаларды оқу үдерісіне тарту. Жүйелі түрде осы пәндер негізін тереңірек аша түсуге, әр баланың осы пәндердің беймәлім тұстарын зерттеуге деген қызығушылығын арттыру.


