19
октябрь
2024
«МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТ ПРЕЗИДЕНТІ» САЙЛАУЫ
«МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТ ПРЕЗИДЕНТІ» САЙЛАУЫ
19.10.2024ж күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№134 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» республикалық "МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАУЫ" өткізілді.
Сайлауға дейін кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, мектептің Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде кандидаттардың сайлау алды бағдарламалары жарияланды. Оқушылар өздері таңдаған кандидаттарға дауыстарын берді.
Шешуші кезең, 19.10.2024ж күні мектепте өткен сайлау күні оқушыларға бюллетень берілді. Оқушылар өз таңдауларын жасады. Дауыс беріп болған соң, комиссия мүшелері дауыстарды санады.
Сайлаудың қорытындысында төмендегідей көрсеткішті көрсетті.
1. Бегалы Нұрдаулет 20%
2. Медеубай Гүлнұр 40%
3. Саим Аружан 30%
4. Абдумалик Нұрсұлтан 10%
Оқушылардың жақтап дауыс беру нәтижесінде 9«Ә» сынып оқушысы Медеубай Гүлнұр "Мектеп парламент президенті" болып сайланды.





