МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДА ЕСЕБІ » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДА ЕСЕБІ
14
июнь
2023
0

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДА ЕСЕБІ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДА ЕСЕБІ
       Шымкент қаласы білім басқармасына  қарасты №134  жалпы орта білм беретін  мектебінде 14.06.2023 жылы сағат 10:00-де мектеп директоры Касжанов Асылбек Бейсенбекұлы мектебіміздің Қамқоршылық кеңес мүшелері алдында жылдық есеп беріп өтті. 
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. 2022-2023 оқу жылының жетістіктері туралы.
2. Мектепте жүргізілген тәрбие жұмыстарының жылдық есебі және  Жазғы демалыс уақытында балалардың қауіпсіздігін сақтау.
3. 2022-2023 оқу жылының қозғалыс есебі.
4. Мектеп  психологының  жылдық есебі.
5. Мектептің әлеуметтік педагогының жылдық есебі.
       Күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдау барысында қаржы есебі, оқу-тәрбие, білім сапасын арттыру мақсатындағы жұмыстар, шаруашылық, әлеуметтік, әдістемелік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша, сондай-ақ "Өзін-өзі басқару", "Оқуға құштар мектеп", "Дебат", "Мектеп және театр" жобалары бойынша атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады. 
 Қалалық, Республикалық пән олимпиадаларында және өнер, спорт т.б салаларда жеткен жетістіктерімен танысты. Ерекше білім беретін, үйде оқытылатын оқушылардың,  “Үздік аттестат“ пен “Алтын белгі” үміткерлердің нәтижелерімен танысты. 
     Қамқоршылық кеңес мүшелері атқарылған жұмыстарға байланысты сауалдарын қойып, атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі. 
 





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив