30
январь
2024
"Білім сапасын арттырудағы тапсырмаларды дұрыс ұйымдастырудың маңызы" тақырыбындағы қалалық семинар өтті.
БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ДҰРЫС ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты √134 жалпы орта білім беретін мектебінде "Білім сапасын арттырудағы тапсырмаларды дұрыс ұйымдастырудың маңызы" тақырыбындағы қалалық семинар өтті.
Мақсаты: Оқыту мен оқуда және білім сапасын арттыруда тапсырмаларды дұрыс ұйымдастыру. Тапсырмаларды дұрыс ұйымдастыруда ұтымды әдіс-тәсілдер, стратегиялар қарастырып қолдану.
Семинардың ашылуын мектебіміздің директоры Касжанов Асылбек Бейсенбекұлы мен Шымкент қаласы әдістемелік орталық әдіскері Нұсқабаев Бақытжан Қалтайұлы ашып берді.Қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы, информатика, математика, бастауыш сыныптарда ашық сабақтар және тренинг сабақтар өтілді. Ашық сабақтарда мұғалімдер жаңа технологияларды пайдаланып, заман талабына сай әдіс-тәсілдерді қолданды.
Семинарды қорытындылауда "Білімді жастар -ұлт болашағы" тақырыбында концерттік бағдарлама болды.
Мектебіміздің окушылары би билеп, өлең айтып, тақпақ жаттап, хор айтып өз өнерлерін көрсетті. Семинар соңында Әдістемелік орталықтың әдіскері Нұсқабаев Бақытжан Қалтайұлы мектебіміздегі семинарды жоғары деңгейде өтілді деп айтты. Ашық сабақ өткен мұғалімдерге Шымкент қаласы білім басқармасының алғыс хатымен марапаттап, еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.










