13
апрель
2021
АНАШЫМ-САҒАН РАҚМЕТ, ӘКЕ СЕН МЕНІҢ АСҚАР ТАУЫМСЫҢ
“АНАШЫМ-САҒАН РАҚМЕТ, ӘКЕ СЕН МЕНІҢ АСҚАР ТАУЫМСЫҢ”!
09.04.2021ж күні «Анашым-саған рақмет, Әке сен менің асқар тауымсың»! тақырыбында 9 «Ә» сынып оқушылар арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі рөлін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу.
«Өзін-өзі тану» пән мүғалімдері тақырыпты ашу мақсатында ата-ана туралы «Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды», «Ата-ананың қадірін білмеген –халық қадірін білмес» деген ұлағатты сөздерді айта отырып, олардың мәнін ашып оқушыларға таныстырды. Тақырыпқа байланысты оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылды. 1. Балалар, бұл өмірде ең қымбат және сіздер үшін өз өмірін құрбан ететін кімдер деп ойлайсыздар? 2.Ата-ананы қадірлеу біздің міндетіміз бе алде парызба қалай ойлайсыздар? Қойылған сұрақтарға оқушылар қызыға жауап берді.
















