«Мамандықтар марафоны» ұйымдастырылды. » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мамандықтар марафоны» ұйымдастырылды.
30
январь
2026
0

«Мамандықтар марафоны» ұйымдастырылды.

Шымкент қаласы білім  басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беруші маман М.Адилбекованың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 27.01.2026 жылы  9-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағыт - бағдар беру мақсатында «Мамандықтар марафоны» ұйымдастырылды.
      Аталған марафонның негізгі мақсаты – оқушыларға қазіргі еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат беру, олардың жеке қабілеті мен қызығушылығын анықтауға көмектесу, кәсіби өзін-өзі анықтауына жағдай жасау болды.
           Іс-шара барысында қатысушылар әртүрлі сала өкілдерімен кездесіп, мамандықтардың ерекшеліктері, артықшылықтары мен болашағы туралы толық мәлімет алды. Сонымен қатар, кәсіби кеңестер беріліп, оқушылар өз мүмкіндіктерін бағалап, болашаққа нақты мақсат қоюға мүмкіндік алды.
        Марафон оқушылардың қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықты таңдауда маңызды бағыт-бағдар берді. Іс шара соңында белсенді қатысушылар «Грамотамен» және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
 




















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив