05
декабрь
2025
📚 Дебат мәдениетін қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
02.12.2025ж күні мектепте дебат өнерін дамыту, оқушылардың сыни ойлау қабілетін арттыру және пікірталас мәдениетін қалыптастыру мақсатында арнайы түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Оқушыларға:
• дебаттың мақсат-міндеттері,
• спикерлердің рөлдері,
• дәлел келтіру тәсілдері,
• қарсы пікірді этикалық тұрғыда жоққа шығару жолдары
жайында жан-жақты мәлімет берілді.
Сонымен қатар, дебат форматы, уақыт регламенті және бағалау критерийлері түсіндіріліп, оқушылардың белсенді қатысуы мен қызығушылығы байқалды.
Жас пікірталасшыларға табыс тілейміз!



