23
октябрь
2024
«Кітапхана-рухани білім ордасы» саяхат сабағы.
«Кітапхана-рухани білім ордасы» саяхат сабағы.
№134 жалпы орта білім беретін мектептің 1 сынып оқушылары кітапханаға алғашқы қадам басып кітапханаға саяхат жасады.
Мақсаты: 1 сынып оқушыларын кітапханамен таныстыру. Білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітап құрылымы жайлы ілімін қалыптастыру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, кітапты күтіп ұстауға үйрету.
Кітап әлемінің табалдырығын аттаған-ақ кітапханашы Байбекова Эльвира апай құшақ жая қарсы алып, кітапханамен таныстырды. Балалар кітапханашы апайдың кітапхана туралы және балаларға арналған әдебиеттер туралы әңгімелерін қызығушылықпен тыңдады.
Сынып жетекшісі Рузденова Жадыра апай оқушылардың кітапхананың оқу залдарында өздерін қалай ұстау керектігін, кітапты қалай пайдалану керек екенін және кітапты жыртпай кірлетпей , бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп оқу керек екенін айтып берді.
«Кітап-білім бұлағы. Кітап-білімнің қайнар көзі» екені барынша түсіндірілді. Сондай-ақ іс-шара барысында оқушылардың назарына ертегі кітаптар, әдеби шығармалар және де тағы да басқа көркем суреттелген иллюстарциялы кітаптар ұсынылды.
Оқушыларға кітапхана өте қатты ұнады. Кітап оқу – тұлға биігіне баспалдақ! Кітап оқып оқушыларымыздың зейіні ашылсын!