“Ұстаздан ұстазға – алғыс пен құрмет!” » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Ұстаздан ұстазға – алғыс пен құрмет!”
03
октябрь
2025
0

“Ұстаздан ұстазға – алғыс пен құрмет!”

“Ұстаздан ұстазға – алғыс пен құрмет!”
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде “Ұстазға алғыс!” атты іс-шара жоспарына сәйкес “Ұстаздан ұстазға – алғыс пен құрмет!” тақырыбында педагогтер кәсіби дамуына ықпал еткен әріптестеріне алғыс айтып, құрмет көрсетті. 
Ұстаз – мәңгілік мамандық, жүректен жүрекке жол тартар киелі қызмет. Әріптестік – ұстаздар қауымының ең үлкен байлығы. Бір-бірінен үйреніп, қолдау көрсетіп, ақыл-кеңесін аямай, жас маманға бағыт беріп жүрген әр ұстаздың еңбегі қашанда құрметке лайық.
Мереке қарсаңында ұстаздар қауымы кәсіби дамуына ықпал еткен әріптестеріне шынайы ризашылықтарын білдіріп, алғыс пен ізгі тілектерін жеткізді. Бұл – тек қана жылы сөз емес, білім беру саласындағы ынтымақ пен бірліктің көрінісі.
Алғыс айту – рухани мәдениеттің белгісі. Бір-біріне демеу болып, табысты орта қалыптастырып жүрген ұстаздарға деген құрмет – келешек ұрпаққа үлгі.

 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив