ОҚУ-ДАЛА ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ОҚУ-ДАЛА ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
24
май
2025
0

ОҚУ-ДАЛА ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ОҚУ-ДАЛА  ЖИЫНЫ  ҚОРЫТЫНДЫСЫ
    Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығы тарапынан 2025 жылғы 5 мамырда жолданған №1353 шығыс хатына сәйкес, Шымкент қалалық Білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылғы 19-23 мамыр аралығында дәстүрлі оқу-дала жиыны (әскери-патриоттық оқу-тәжірибелік жиын) болып, қорытындыланды. 
• Ұл балаларға әскери-далалық өмірдің практикалық негіздері, бастапқы әскери дайындық, саптық жүріс, әскери тактика элементтері, қолданбалы спорттық жаттығулар үйретілді. 
• Қыз балаларға алғашқы медициналық көмек көрсету, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету практикасы жүргізілді. 
            Сонымен қатар, оқу-дала жиынына сапалы дайындық жүргізіліп, мектептің материалдық-техникалық базасындағы құрал-жабдықтар жаңартылып, ретке келтірілді. Ата-аналармен арнайы жиналыс ұйымдастырылып, жиынның мазмұны, оқушылардың әскери киім үлгілеріне қойылатын талаптар түсіндірілді, ата-аналардың ұсыныстары мен сұрақтары қаралып, тиісті жауаптар берілді.
            Бұл іс-шара жас ұрпақтың Отан алдындағы борышты сезінуіне, әскери қызметке деген қызығушылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілік пен тәртіпке тәрбиелеуге зор ықпал етпек.







 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив