21
май
2025
ОҚУ-ДАЛА ЖИЫНЫ. 3-күн
ОҚУ-ДАЛА ЖИЫНЫ. 3-күн
Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығы тарапынан 2025 жылғы 5 мамырда жолданған №1353 шығыс хатына сәйкес, Шымкент қалалық Білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылғы 19-23 мамыр аралығында дәстүрлі оқу-дала жиыны (әскери-патриоттық оқу-тәжірибелік жиын) үшінші күні өтті.
21.05.2025ж күнгі оқу жаттығу далалық жиыны “ Бақылаушы сарбаз” , “Шолушы сарбаз” , “Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және жинақтау жаттығулары”, “Атуға ыңғайлануға жаттығу АК-74, пневматикалық винтовка”, “Қол гранаталарын лақтыру” тақырыптары бойынша өткізілді.
Оқу-дала жиыны барысында:
• Ұл балаларға әскери-далалық өмірдің практикалық негіздері, бастапқы әскери дайындық, саптық жүріс, әскери тактика элементтері, қолданбалы спорттық жаттығулар үйретілуде;
• Қыз балаларға алғашқы медициналық көмек көрсету, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету практикасы жүргізілуде.
Сонымен қатар, оқу-дала жиынына сапалы дайындық жүргізіліп, мектептің материалдық-техникалық базасындағы құрал-жабдықтар жаңартылып, ретке келтірілді. Ата-аналармен арнайы жиналыс ұйымдастырылып, жиынның мазмұны, оқушылардың әскери киім үлгілеріне қойылатын талаптар түсіндірілді, ата-аналардың ұсыныстары мен сұрақтары қаралып, тиісті жауаптар берілді.
Бұл іс-шара жас ұрпақтың Отан алдындағы борышты сезінуіне, әскери қызметке деген қызығушылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілік пен тәртіпке тәрбиелеуге зор ықпал етпек.