14
май
2025
ПРОКУРОР САҒАТЫ
ПРОКУРОР САҒАТЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 14 мамырында ZOOM платформасы арқылы құқық бұзушылық, буллинг пен кибербуллингтің, зорлық-зомбылықтың, аутодеструктивті мінез құлықтың, нашақорлықтың алдын алу мақсатында, Прокурор сағаты өткізілді. Аталған кездесуде@ Еңбекші ауданы прокуратурасының бөлім аға прокуроры Әбдібай Дәулет Зиядинханұлы және мектеп инспекторы аға лейтенант Б.Сапарбек 9-11 сынып оқушыларымен кездесті.
Прокурор сағатында прокурор оқушыларға құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылық, буллинг пен кибербуллингтің, есірткіге тәуелділік, лудомания мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдары түсіндіріліп, құқық бұзушылық пен қылмыс жасаған жағдайда 14 жастан бастап заң алдында жазаға тартыландығы туралы айтылды.
Кездесу барысында білім алушыларға есірткінің зияны мен зардаптары туралы нақты айтылып, оқушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.