Қауіпсіздік сабақтары
Қауіпсіздік сабақтары Түсіндіру жұмыстарының негізгі бағыттары: 1. Өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру – шырша мен әшекейлерді безендіруде отқа қауіпті заттарды қолданбау, электр гирляндаларын дұрыс пайдалану. 2. Пиротехникалық құралдарды қолдануға тыйым салу – петардалар мен фейерверктерді мектеп аумағында және үйде пайдаланбау. 3. Балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру – мереке кезінде мінез-құлық нормалары, бейтаныс адамдармен байланыс орнатпау, топпен жүру. #Біртұтас_тәрбие