28
декабрь
2023
«ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!»
«ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде Шымкент қаласы білім басқармасының 15.12.2023 жылғы №10-07-07/6692 хаты негізінде, 2023-2024 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес 2023 жылдың 26-27желтоқсан күндері 1-4сыныптар 28 желтоқсан күні 9-11 сынып оқушыларына «Жаңа жыл» мерекесіне арналған «ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Мектеп директоры Касжанов Асылбек Бейсенбекұлы құттықтау тілегін айтып, оқушыларды жаңа жылдарымен құттықтады. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, түрлі қызықты ойындар ойнап кешті көңілді өткізді.
Жаңа 2024 жыл бақыт, шаттық, қуаныш пен құт-береке әкелсін. Жаңа 2024 жылда ырысымыз мол болып, табыстан табысқа жете берейік! Жаңа 2024 жылды барлық игі жоспарлар іске асып, ізгі армандарымыз бен тілектеріңіз орындала берсін. Жаңа жыл құтты болсын!

