06
сентябрь
2022
"Тілім барда - мен бармын" атты қазақ тілі мен әдебиеті іс-шарасы.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде "Тілім барда - мен бармын" атты қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігінің ашылуына орай іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сенімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғыры мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, тіл білімінің негізін қалаған тұлғаларды дәріптеу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Іс-шара барысында: балалар өз жас ерекшеліктеріне сай өлең шумақтары мен қанатты сөздерді жатқа айтып, Ахмет Байтұрсынов туралы керемет видеороликтерді тамашалады.https://www.facebook.com/100042351700336/videos/388102263459968/

