28
февраль
2022
"Ұлтымыздың ұлы ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлына 150 жыл" тақырыбында байқау
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 24.02.2022 жылы қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің мұғалімдері "Ұлтымыздың ұлы ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлына 150 жыл" тақырыбында байқау болып өтті. Байқау Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмір жолына және оның мысалдарының мазмұнына арналды.
Байқау 2 кезеңді қамтыды.
1-кезең: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмір жолына шолу
2-кезең: Ахмет Байтұрсынұлының мысалдарының мазмұны бойынша оқушылар шығармашылық жұмыстарын қорғады.
Байқау нәтижесі бойынша
1-орын 10-сынып оқушысы Абдықадыр Досымжан
2-орын 7-сынып оқушысы Тұрсынқұл Жансая
3-орын 9-сынып оқушысы Амангелдиева Айгерім марапатталды.


