11
январь
2022
Қазақстан балалары-қысқы ертегі
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың қысқы демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Қазақстан балалары-қысқы ертегі" тақырыбында өткізілетін іс-шара жоспарына сәйкес "Көңілді аққала" тақырыбында табиғи материалдан немесе импровизацияланған құралдардан жасалған қолөнер байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 1-4 сынып оқушылары қатысты. Байқау нәтижесі қорытындыланып, мақтау қағаздары дайындалды.