26
май
2021
Сыңғырла соңғы қоңырау
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№134 жалпы орта білім беретін мектебі 2020-2021 оқу жылының "Сыңғырла соңғы қоңырау" мерекесі (санитарлық талаптарды сақтай отырып) өткізілді.
Болашағынан үлкен үміт күтіп, келешегіне зор сенім артып отырған, еліміздің ертеңгі болашағына ие болатын жастарымыз – мектеп бітірушілердің тағы бір легі үлкен өмірге аттанғалы отыр.
Өмірден өз жолдарыңызды тауып, «Сен де бір кірпіш – дүниеге, Кетігін тап та, бар, қалан» деп, Абай атамыз айтқандай терең білім алу жолында жалықпай, талмай, ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызды тілейміз.
Үлкен өмір үздіксіз талап, талпыныс пен ұмтылыстан, үйрену мен ізденуден, жаңару мен жаңғырудан тұрады. Біз сіздердің әлемнің озық көшінен қалмай, уақыттың талабынан талмай, талай табыстың биігінен көрінетіндеріңізге кәміл сенімдіміз. Олай болса, осынау қуанышты күні баршаңызға тек сәттілік тілейміз. Өмір жолдарыңыз жарық болғай!