04
октябрь
2024
Касжанов Асылбек Бейсенбекұлы ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, жүрек жарды тілегін білдірді.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.
Осыған орай мерекенің қарсаңында №134 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры құрметті ұстазымыз Касжанов Асылбек Бейсенбекұлы ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, жүрек жарды тілегін білдірді.