№ 134 жалпы орта білім беретін мектебінің 2021- 2022 оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының есебі » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » № 134 жалпы орта білім беретін мектебінің 2021- 2022 оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының есебі
13
июнь
2023
0

№ 134 жалпы орта білім беретін мектебінің 2021- 2022 оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының есебі

13.09.2021ж."Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбы аясында іс-шара болып өтті. Себебі, Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделіді, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады
22.09.2021ж.Мобильдік топ мүшелері Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, түнгі уақыттарда ата-анасынсыз үй-жайынан тыс жерлерде – компьютерлік ойынханалар мен мейрамханаларда жүрмеулеріне тиым салу мақсатында арнайы ұйымдастырылған профилактика барысында түнгі 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдердің аталған жерлерде жүрмеулері жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
25.09.2021ж."Салауатты өмір - нұрлы болашақ" тақырыбында футбол және волейбол алаңдарының ашылу салтанаты болып өтті. Спортпен шұғылданған адамның денсаулығы әрқашан мықты. Мектебімізде "Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру" бағыты бойынша оқушылардың бойында салауаттылықты қалыптастыру мақсатында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылуда. Олар: футбол, баскетбол, волейбол, бокс, тхэквондо, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі. 
Салауатты өмір салтын сақтаймыз, жаттығудан ешқашан да қашпаймыз, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив