27
апрель
2023
"Қазақстан - достық шаңырағы" тақырыбында дебат пікірсайысы өткізілді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Қазақстан - достық шаңырағы" тақырыбында дебат пікірсайысы өткізілді.
Қазақстан – бірлік пен татулық мекені. Қазақстанның қарымды қадамы қарыштап, теңдігі мен тұрақтылығының баянды болуы – осы бірліктің арқасы. Еліміздің басты қорғаушы күші - қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық - біздің ең маңызды байлығымыз.








