🏅ЕЛБАСЫ МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ🏅 » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 🏅ЕЛБАСЫ МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ🏅
27
апрель
2023
0

🏅ЕЛБАСЫ МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ🏅

🏅ЕЛБАСЫ МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ🏅
Шымкент қаласы Дарын РҒПО-ның ұйымдастыруымен 2023 жылғы 26 сәуір күні Шымкент қаласында «Елбасы Медалі» бағдарламасының медаль иегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі болып өтті.
       «Елбасы Медалі» жобасы жасы 14 пен 29 аралығындағы өр мақсатты Қазақстан жастарына арналған жоба. Қатысушылар «Алтын», «Күміс», «Қола» деңгейлерінің бірін таңдап, қарым-қабілеттерін жеті бағыт бойынша жетілдірді: спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі. Әр кезеңді өткен сайын қатысушы мықтылығын, дарынын жетілдірді, оның өз күшіне деген сенімі артты. Қатысушылар жеті бағыт бойынша тапсырма орындап, білім мен шеберліктерін жетілдірді. Спортпен шұғылданып, өнерге бет бұрды, төл мұраны дәріптеді. Сонымен қатар олар қайырымдылық жасап, кітап оқу арқылы өздерін дамытты. Ұлттық деңгейдегі бірегей бағдарлама жас буынды жан-жақты дамытуды көздейді.
   Бүгінгі марапаттау рәсіміне Шымкент қаласы Дарын РҒПО-ның директоры Джеренова Раушан Омарханқызы қатысып, үздіктерді марапаттады.
Мектебіміздің бірнеше үздіктері күміс және қола медаль иегерлері атанды! 11-сынып оқушысы Жантөре Гүлнұр Ернарқызы "Елбасы медалі" жобасының "Күміс" медаль иегері,  Бегалы Жомарт Нұралыұлы,  Бектаева Ғайша Арыстанқызы, Авезханова Ақерке Сабитқызы "Елбасы медалі" жобасының "Қола" медаль иегерлері атанды. Жеңістерің құтты болсын! Болашақтарың жарқын болып, үздік маман атаныңдар!Еліміздің атын әлемге паш ететін жалынды жастарымыздың қатарын толықтырып, биіктерден көрінеді деп сенеміз!










Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив