ШАХМАТ ОЙНАУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІН ӨТКІЗУ » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ШАХМАТ ОЙНАУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІН ӨТКІЗУ
12
апрель
2023
0

ШАХМАТ ОЙНАУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІН ӨТКІЗУ

ШАХМАТ ОЙНАУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ЧЕЛЛЕНДЖІН ӨТКІЗУ
Мақсаты: Шахмат сабақтары арқылы интеллектуалды және ақыл ой қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Міндеті: Білімділік: ой-өрісті кеңейту, ақыл-ой белсенділігін белсендіру, логикалық ойлауды, есте сақтауды, байқау мен зейінді дамыту. 
Тәрбиелік: баланың бойында табандылық, төзімділік, ерік-жігер, тыныштық, өз қабілеттеріне деген сенімділік пен табандылықты дамыту.
Қазақстан  Республикасы оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен  Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылғы 12 сəуір күні сағат 12:00-де  республикалық шахмат челленджі ұйымдастырылып өткізілді. Челленджге жалпы 120 оқушы және мектеп ұстаздары қатысты.
МЕКТЕБІМІЗДІҢ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
2021 жылы жасөспірімдер арасында классикалық, шахматтан «3 разряд»  үздік ойын көрсеткені үшін 11 «А» сынып оқушысы Қазыбек Нұрдаулет марапатталды.
2021 жылы жасөспірімдер арасында классикалық шахматтан үздік ойын көрсеткені үшін Омирбек Ақарыс марапатталды.
2022 жылы «SMG Education» «Зияткер ұрпақ» шахмат турнирында өнерлі шәкірт, жас дарындар шебері болғаны үшін Саймов Елнур алғыс хатпен марапатталды. 
2022 жылы 5 «Ә» сынып оқушысы Саитов Асылхан «Зияткер ұрпақ» жобасы аясында ұйымдастырған шахмат турнирында алғыс хатпен марапатталды.
Орталық шахмат клубы «Шымкент» шахматтан «Балалар аймақтық лигассы 2022» 5-ші кезеңінде жүлделі І орын алғаны үшін 5 «Ә» сынып оқушысы Саитов Асылхан мадақтамамен марапатталды.
2023 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың 111 жылдығына орай, үздік ойын көрсеткені үшін 5 «Ә» сынып оқушысы Саитов Асылхан дипломмен марапатталды.
2023 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың 111 жылдығына орай,шахматтан өткен турнирге жоғары деңгейде қатысқаны үшін Исмаил Жанболат 4 «Ә» сынып оқушысы алғыс хатпен марапатталды.


















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив