15
ноябрь
2022
"Ең оқырман оқушы"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 11.11.2022ж күні "Балалар жылына" байланысты ұйымдастырылған "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Ең оқырман оқушы" тақырыбында 5-6 сынып оқушылары арасында мектепішілік кітап оқу байқауы өткізілді. Байқауға 12 оқушы қатысты.
Байқау 2 кезеңді қамтыды:
1-кезең: Тест сұрақтары.
2-кезең: Эссе.
Байқаудың нәтижесі бойынша 1 орын 6"Ә"сынып оқушысы Тұрсынқұл Балсая , 2 орын 5"А"сынып оқушысы Айтмұрат Амир , 6"Ә"сынып оқушысы Аман Қадиша. Байқауға белсене қатысқаны үшін
6"А" сынып оқушысы Еламан Жасмин, 6"Ә"сынып оқушысы Қуат Адия, 5 "А" сынып оқушысы Қазыбек Нұрбақыт,
5 "Ә"сынып оқушылары Райымқұл Аяулым, Айтмұрат Арман, Сайтов Асылхан, Аман Балнұр, Хайрулла Рауан, Ашимов Асқар марапатталып, сыйлықтар табысталды.



