«ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы»
23
февраль
2023
0

«ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы»

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» МКҚК-ның маманы Жүргенбаева Назира 23.02.2023 ж. күні №134 жалпы орта білім беретін мектептің оқушыларымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 
Күн тәртібінде:
1. АИТВ-ның әлем және Қзақстан бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдай.
2. АИТВ (адамның иммунитет тапшылығының вирусы) ЖИТС (жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы туралы негізгі түсінік этиология, патогенез, клиника, жұғу жолдары.
3. АИТВ-ны алдын алу жолдары.
4. Анти Ретровирусты Терапияның мақсаты.
5. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 19 тарауымен таныстыру.
АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) —  АИТВ-инфекциясының вирусын тудыратын өте ұсақ вирус. 
Адам ағзасына вирустың (АИТВ) енуі - адам ағзасын аурулардан қорғауды қамтамасыз ететін иммун жүйесінің бұзылуына және әлсіреуіне әкеліп соқтырады.
АИТВ вирусы адам ағзасына түсе отырып, иммундық жүйенің жасушаларын зақымдайды, нәтижесінде оның қызметі қысымға тап болады да ЖИТС — жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы дами бастайды. 
Науқастың ағзасы инфекциялардан қорғану мүмкіндігін жоғалтады, қалыпты иммундық жүйесі бар адамдарға тән болмайтын екіншілік оппортунистік аурулар пайда болады.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив