29
апрель
2024
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" жылдық жұмыс жоспарына сәйкес сәуір айында
"Күйзелістен шығар жол"
тақырыбында
11 "А" сынып жетекшісі Н.Сауранбаева мен педагог-психолог Г.Бишаева ата-аналармен тренинг- сабақ өткізіді.
Сабақтың мақсаты: ата-ананың күйзеліске қарсы тұру және баласына да осындай көмек көрсету қабілетін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Ата-аналардың баласын күйзеліске төзімділікке үйрету дағдысын дамыту;
2. Ата-аналардың күйзелістің көріністері және одан шығу әдістері, мінез-құлқын эмоционалдық реттеу және баланың күйзеліске төзімділігін қамтамасыз етуде мұғалімдер мен ата-аналардың өзара әрекеті туралы түсініктерін кеңейту және тереңдету;
3. Күйзелісті ресурстық күйге айналдыру дағдыларын қалыптастыру, баланың күйзеліске төзімділігін арттыру құралдарын меңгеру.

