22
ноябрь
2023
ЫСТЫҚ ТАМАҚ
ЫСТЫҚ ТАМАҚ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-4 сынып оқушылары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен бекітілген жекелеген санаттағы оқушылар бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Асханада гигиеналық талаптарға сай және керек-жарағы жеткілікті. Асханадағы бір мезгілдік тамақ ас мәзірі мектеп директорының мөрімен бекітілген. Ыстық тамақпен қамтылған балалардың күнделікті асханада тамақпен қамтылуын мектеп әкімшілігі тарапынан қадағалануда. Мектеп медбикесі асханадағы ас блогының тазалығын, гигиеналық талаптарға сай жұмыс атқаруын қадағалауда. Оқушылардың ыстық тамаққа бару кестесі жасалынған. Ең бастысы, тағам құрамында құнарлы дәрумендердің бай әрі пайдалы өнімдердің көбірек болуы қатаң қадағаланады. Оқушылардың күнделікті ыстық тамаққа келуі мектеп әкімшілігі, әлеуметтік педагог тарапынан бақылануда.

