28
ноябрь
2025
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 27.11.2025 ж күні «Жасөспірімді зорлық -зомбылықтан қорғаудың негізі - сенім мен жеке шекараға құрмет» тақырыбында 7 "Ә " сынып жетекшісі Б. Жунусова ата- аналармен тренинг- сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғау үшін жағдай жасау: қорғану ережелерін және отбасылық сенім және жеке кеңістікті қабылдау шарт- тарын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. баланың әл-ауқаты мен психологиялық тұрақтылығын қалыптастыру үшін зорлық-зомбылықтан қорғау ережелерінің, сенім мен жеке кеңістікті қа- былдаудың маңыздылығын көрсету;
2. жасөспірімнің автономиясын құрметтеуді ескере отырып, онымен өзара әрекеттесудің жеке принциптерін тұжырымдау;
3. ата-аналарға тұрақты қарым-қатынастың негізі ретінде сенімнің рөлін түсінуге қолдау көрсету;
4. жасөспірімнің жеке шекарасына алшақтық немесе наразылық белгісі ретінде емес, есеюдің көрінісі ретінде құрметпен қарауды қалыптастыру;
5. жасөспіріммен сыйластықпен қарым-қатынас жасаудың практикалық дағдыларын дамыту, соның ішінде: белсенді тыңдау; сындарлы кері байланыс; тәрбие берудегі гендерлік сезімталдықты дамыту.


