18
апрель
2025
AТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
AТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 18.04.2025 ж күні бастауыш сынып мұғалімі Аяужан Журабекова мен мектеп психологы Гульнур Бишаева
“Бақытты ана болудың құпиялары” және "Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы" атты тақырыптарда ата-аналарға баяндама оқылып, тренинг сабақ өткізді. Тренингтың мақсаты: бақытты, тиімді ана болудың мәні мен мазмұнын және өз мінез- құлқыңызды түзету мүмкіндіктерін түсінуге көмектесу; Баланың психикалық денсаулығы және бұл процестегі ата-ананың рөлінің маңыздылығы жайлы ата-аналарға кеңес беру.
Тренингтің міндеттері:
1) ана болуды өмірдің жауапты кезеңі ретінде түсінуге ықпал ету, баланың бақытты болуына көмектесетін әйелдің жаңа қырларын, мүмкіндіктерін, қабілеттерін ашу;
2) ана болуға еніп кеткен әйелді өзіне деген құндылық қатынасына ынталандыру;
3) өзінің физикалық және психикалық жай-күйін реттеу және қалпына келтіру дағдыларын дамыту.




