АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
12
апрель
2025
0

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
   Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жылдық жұмыс жоспарына сәйкес,     2025 жылдың 11-сәуір күні «Атадан- өсиет, анадан- қасиет» тақырыбында  8 «Ә» сынып  жеткшісі Н.А.Темирбекова  ата-аналарымен шеберлік сынып өткізді
Мақсаты:
1.  Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру.
2. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлер мен өсиеттердің маңыздылығын түсіндіру.
3. Бала тәрбиесіндегі ананың және атаның орны мен олардың қасиеттері туралы пікір алмасу.
Шеберлік сыныбының басында сынып жетекшісі Н.А.Темирбекова  ата-аналарға тақырыпты ашу үшін «Атадан – өсиет, анадан – қасиет» деген ұғымдардың мәні туралы әңгімеледі. «Атадан – өсиет» дегенде қазақ халқының ата-бабалардан қалған даналық сөздері мен өмірлік тәжірибелері, әрдайым ұрпаққа бағыт-бағдар беретін өсиеттері туралы айтылады.«Анадан – қасиет» тақырыбында ананың бала тәрбиесіндегі орны, оның жүрегіндегі махаббат пен мейірімнің ұрпақ бойына дарытатын қасиеттері айтылды.
Шеберлік сыныбының соңында ата-аналар арасында өз тәжірибелерімен бөлісу сұралады. Олар өз балаларының тәрбиесіне қатысты қандай өсиеттер мен қасиеттерді бойына сіңіргенін, қандай қиындықтармен бетпе-бет келгенін талқылады. 


 







Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив