18
март
2025
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 18.03.2025 ж күні «Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің міндеті» тақырыбында 3 "В " сынып жетекшісі
З. Абдуяхяева ата- аналармен
тренинг-сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: ақпараттық және іс-қимыл алгоритмдері негізінде балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналардың психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттіліктерін дамыту.
Міндеттері:
1. Ата-аналардың баланы қазіргі әлемнің қауіп-қатерлерінен қорғауға деген ұмтылысын ынталандыру;
2. Ата-аналарға іс-қимыл алгоритмдерін үйрету, ықтимал қауіптер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді тәсілдері туралы түсініктерді кеңейту және тереңдету;
3. Баланың тәуелсіздігін дамыту үшін бірлескен іс-әрекет және өзіндік мінез-құлық сызығын талдау дағдыларын дамыту.
Ұлттық құндылықтар мен тұлғаның жеке қасиеттері: әділеттілік және жауапкершілік.



