29
август
2024
“НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!”
“НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!”
Есірткі заттарды қолданатындардың басым көпшілігіне — мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар жатады. Өйткені жасөспірімдер еліктегіш келеді, сондықтан бір рет есірткіні қолдансам ештеңе ете қоймас деп, қалай нашақор болғанын білмей қалады.
Осындай жағдай орын алмау мақсатында Шымкент қаласы √134 жалпы орта білім беретін мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жаштаева, Л.Садибекова "Нашақорлыққа жол жоқ" атты тақырыбында оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жасөспірімдер нашақорлықтың зардаптары туралы білді, салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық , жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстайық деген ұрандар мен тілектер айтылды.

