"ТАРИХТЫ БІЛУ ҰЛТТЫ ҰҒЫНУ" » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ТАРИХТЫ БІЛУ ҰЛТТЫ ҰҒЫНУ"
14
февраль
2024
0

"ТАРИХТЫ БІЛУ ҰЛТТЫ ҰҒЫНУ"

"ТАРИХТЫ БІЛУ  ҰЛТТЫ ҰҒЫНУ"                        
12.02.2024ж күні №134  жоббм –де «тарихты білу ұлтты ұғыну»тақырыбында тарих апталығының ашылуы  болды . Апталық барысында атқарылатын жұмыстар топ жиынында айтылып таныстырылды.Апталықтың ашылуына бірінші этажға киіз үй қойылып іші тарихи көрнекіліктермен безендірілді. Топ жиынында мектебіміздің өнерлі оқушылары патриоттық ән айтып ,күй тартты .
       14.02.2024 ж  күні ауған соғысының 35 жылдық мерейтойына байланысты
 3-Ә,10-А,11- сынып оқушыларының қатысуымен «Жан жарасына айналған Ауғанстан» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Бұл тәрбие сағатына ауған соғысының ардагерлері шақырылды. Тәрбие сағатына көрермен ретінде 
10-«Ә»сынып оқушылары,мектеп әкімшілігі қатысты. Тәрбие сағатында Отан туралы патриоттық әндер ,қазақша әдемі билер және ұл балдар арасында сайыстар көрсетілді,келген қонақтарға сыйлықтар берілді  Келген қонақтар тәрбие сағаты өте жақсы ұйымдастырылғанын айтты.
      Сайдахметова Гульзира Шаяхматовна педагог сарапшы пед стажы 
19 жыл.15.02.2024ж 5-«Ә» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Үйсіндер туралы жазба деректер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Ашық сабаққа мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдері қатысты. Ашық сабаққа оқушылар белсене қатысып,жақсы нәтиже көрсетті. 
Сапанова Қаля Дайрабайқызы педагог сарапшы  пед.стажы 25 ж.  « Тайқазан » тақырыбында  9-10-11  сынып оқушылары арасында интеллектуалдық сайыс сабағын өткізді . 16.02.2024ж. Сайыс сабаққа мектеп әкімшілігі,пән мұғалімдері көрермен ретінде 11 сынып оқушылары қатысты.Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып диплом,шоколадтармен марапатталды.




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив