02
февраль
2024
МЕНІҢ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҒЫМ
МЕНІҢ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҒЫМ ...
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 01.02.2024 күні кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша, «Менің болашақ мамандығым ...» тақырыбы бойынша, түрлі кәсіп өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, бітіруші сыныптар (9 – 11) оқушылары арасында кездесу болып өтті. Атап айтқанда, «Инновациялық – техникалық» колледжден дәнекерлеуші (сварщик) маманы -Юлдашкулов Шухрат, «Талант» бала – бақшасынан мейірбике – Ташбулатова Умида және тәрбиеші - Алишева Айман, сондай ақ жеке кәсіп иесі, тігінші – Сванкулова Анаркуль оқушылармен жүздесуге арнайы шақырылып, өз ойларымен бөлісті.
Мектеп әкімшілігінен жауапты ұстаздар – Набиева К.А; Утенбаева Д.С.
Жүздесудің мақсаты: Оқушыларды түрлі маман иелерімен жүздестіре отырып, аталған мамандықтар саласы бойынша толық ақпараттармен қамтып, алдағы уақытта мамандық таңдаудағы қабілеттерін арттыру, осы бағыт бойынша білімдерін жетілдіру.




