19
октябрь
2023
«Психикалық күйлердің өзін-өзі бағалау»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N134 жалпы орта білім беретін мектебінде жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын- алу, өмірлік қиын жағдайда жүрген оқушыларды анықтау мақсатында педагог-психолог Г.Бишаева 3-4 сынып оқушыларына М.А.Панфилованың "Кактус" әдісі, 5-8 сынып оқушыларына Кондаштың қобалжу деңгейін анықтау әдістемесі, 9-11 сынып оқушыларына Г.Айзенктің «Психикалық күйлердің өзін-өзі бағалау» тестін жүргізуде. Тест нәтижесі барысында анықталған оқушылармен ата-ана рұқсатымен жеке психологиялық түзету-дамыту жұмыстары жүргізіледі.



