08
сентябрь
2023
"Дене сергіту"
Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 6-қыркүйектегі №4-04-2/5292-И хатына сәйкес, ағымдағы жылдың 8-қыркүйек күні "Тоғыз айдағы 9 іс-шара" Тұжырымдамасы негізінде Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде тәрбие және спорттық-сауықтыру іс-шаралары аясында "Дене сергіту" челленджі өтті.
Челлендждің мақсаты: білім алушылардың салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру.
Челлендждің міндеттері:
физикалық, психологиялық стрессті төмендетуге ықпал ету;
оқу іс-әрекеті процесінде шаршаудың алдын алуға, физикалық белсенділікті арттыруға ықпал ету;
балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жұмыс қабілеттілігін арттыруға ықпал ету.
Челленджге І және ІІ ауысымның білім алушылары, өз сабақтары басталғанға дейін қатысып, белсенділік танытты.
