«БІЛІМІМ-ОТАНЫМА! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЫНЫП САҒАТТАР ӨТІЛДІ! » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «БІЛІМІМ-ОТАНЫМА! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЫНЫП САҒАТТАР ӨТІЛДІ!
25
май
2026
0

«БІЛІМІМ-ОТАНЫМА! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЫНЫП САҒАТТАР ӨТІЛДІ!

«БІЛІМІМ-ОТАНЫМА! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЫНЫП САҒАТТАР ӨТІЛДІ! 
      Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№134  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025-2026 оқу жылының тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес,  «Білімім – Отаныма!» атты республикалық сынып сағаттары өтті!
       Бұл атаулы шарада «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына басты назар аударылды. Халықтық Конституциямызда айқындалған басты стратегиялық бағыттар — адами капитал, білім, ғылым және инновацияны дамыту идеялары кеңінен дәріптелді.
Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай өткізілген сынып сағаттарында оқушылар үшін маңызды бірнеше бағыт талқыланды:
-  Қауіпсіздік — басты талап: Жазғы демалыс кезіндегі жол қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік ережелері және интернет кеңістігіндегі сақтық шаралары түсіндірілді.
-  Заң мен Тәртіп: Қоғамда заң талаптарын қатаң сақтау және тәртіпті болу қағидаттары айтылды.
-  «Таза Қазақстан» бастамасы: Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты аялау мәселелері қозғалды.
- Еңбек және құндылық: Еңбек етудің маңызы, «үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» көрсету сияқты ұлттық тәрбие негіздері пысықталды.
- Тиімді демалыс: Жазғы уақытты алдын ала жоспарлаудың артықшылықтары, қосымша білім беру ұйымдары мен үйірмелерге қатысудың пайдасы сөз болды.
-  Кітаппен өткен жаз: Оқушылардың каникул кезінде бос уақытын тиімді өткізуі үшін оқуға ұсынылатын қызықты кітаптар тізімі таныстырылды.
- Болашақ тірегі — білімді де тәрбиелі ұрпақ! Барша оқушыларымызға жазғы демалысты қызықты, қауіпсіз әрі пайдалы өткізуді тілейміз!
#ҚауіпсізЖаз2026 










 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив