19
февраль
2026
«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: құқықтық жауапкершілік және қорғау тетіктері» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді .
Шымкент қаласы № 134 ЖОББМ 18.02.2026 ж күні 9,10,11 сынып оқушылары арасында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: құқықтық жауапкершілік және қорғау тетіктері» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді . Өткізілген іс- шара некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлері үшін қылмыстық жауаптылық туралы азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Сталкинг – бұл зорлық-зомбылық қолданылмаса да, адамның психологиялық жағдайына елеулі зиян келтіретін, еркінен тыс тұрақты түрде қудалау, артынан қалмау әрекеттері.
Сталкингке мынадай іс-әрекеттер жатады: айтарлықтай зиян келтіріп, адамның жеке шекарасын бұзып, еркінен тыс оның ізіне түсу, қайта-қайта телефон соғу, интернет арқылы бақылаумен қорқыныш немесе алаңдаушылық сезімін тудыру.
Енді мұндай әрекеттер үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, 200 сағатқа дейін қоғамдық немесе түзеу жұмыстарына тарту, 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған.
Заң әрбір адамның жеке кеңістігіне құрметпен қарау қажеттігін айқындап, психологиялық зорлық-зомбылық пен қудалаудың алдын алуға бағытталған.

