05
февраль
2026
"ҚОҒАМ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ- ЖАС ҰРПАҚТЫҢ МАҚСАТЫ"
"ҚОҒАМ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ- ЖАС ҰРПАҚТЫҢ МАҚСАТЫ"
Шымкент қаласы білім басқарамасының Әдістемелік орталығы Қазакстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында мектеп және университет кезеңдерін камтитын ерте кәсіптік бағдарлау институты енгізілді. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментімен білім басқармасы бірлесе отырып іс-шара жоспары әзірленді. Осыған орай, мемлекеттік қызмет құндылықтарын ілгерілету және ерте кәсіптік бағдарлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында
2026 жылдың 5 ақпан күні № 134 ЖОББМ 11-сынып оқушыларын қатыстырып айлықтың ашылуына орай «Қоғам игілігіне қызмет ету жас ұрпақтың мақсаты» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Мақсаты: Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік және қоғамдық белсенділік құндылықтарын қалыптастыру, қоғамға пайдалы іс атқарудың маңызын түсіндіру, оқушыларды еріктілікке, адал еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу және ел дамуына үлес қосуға ынталандыру
Азаматтардың мемлекеттік қызметті таңдауына оның қабілеттері, дағдылары, қалыптасқан құндылықтары және басымдықтарымен қоса адами қаситеттері мен мінез-құлқы да әсер етеді. Мемлекеттік қызметке еңбек үрдісінің қарқындылығы мен жоғары жауапкершілік тән. Сондай-ақ, заманауи мемлекеттік қызмет үшін оның мақсаттары мен басымдықтары ерекше маңызды. Халыққа қызмет етуде кәсіби шеберлікпен қоса адамгершілік ұстанымның болуы өте маңызды. Адамгершілік - адам бойындағы әдептілік, ол - ізгілік, адалдық ұғымдарымен егіз.
Мемлекеттік қызметтің басты қағидаттарының бірі – әдептілік. Мемлекеттік қызметті таңдаған адам қызмет бабында қойылатын талаптармен терең танысуы қажет. Ол Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен қарастырылған мінез-құлықтың жалпы стандарттарына сәйкес адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы тиіс.





