ҚАРЖЫ САҚШЫСЫ » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
декабрь
2025
0

ҚАРЖЫ САҚШЫСЫ

ҚАРЖЫ САҚШЫСЫ
2025 жылдың 10–11 желтоқсан күндері мектебімізде 10–11 сынып оқушыларына арналған “Қаржы сақшысы” атты танымдық оқыту ойыны өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты — оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, цифрлық ортадағы қауіпсіздік дағдыларын дамыту, сондай-ақ оларды дұрыс әрі тиімді қаржылық шешім қабылдауға бағыттау болды.
Ойын барысында оқушылар:
 • Қаржылық шешім қабылдау жолдарын үйренді;
 • Алаяқтықтан сақтану, күмәнді ұсыныстарды ажырату дағдыларын меңгерді;
 • Ақпаратты талдай білу, деректерді салыстыру, тәуекелді бағалау қабілеттерін дамытты.
Қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын тапсырмалар арқылы өз білімдерін сынап, түрлі жағдайларда әрекет етуді үйренді. Әрбір деңгей күрделене түсіп, оқушылардың шынайы өмірде кездесуі мүмкін қаржылық тәуекелдерге дайын болуына көмектесті.
Нәтижесінде оқушылар сын тұрғысынан ойлау, қаржылық жауапкершілік, тәуекелді болжай білу дағдыларын қалыптастырып, нағыз “Қаржы сақшысы” атағына лайық болуға талпынды.
Шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, пайдалы ақпаратқа толы, әсерлі әрі мазмұнды өтті.
 
















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив