13
май
2025
ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ
ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 13.05.2025ж күні Интернет алаяқтық бойынша оқушылар мен мұғалімдерге жедел профилактикалық iс-шара түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Алаяқтар үшін интернет қарапайым адамдарды алдаудың жаңа құралына айналып үлгерді. Сол үшін де интернет-алаяқтық жаңалық емес. Интернет жеке деректерді ұрлау және қаржылық алаяқтық жасаудың ең танымал құралдардың біріне айналды. Интернет-алаяқтық заманауи технологиялық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оны киберқылмыстың бір түрі деп есептеуге болады.
Осындай жағдайға тап болған кезде интернет-алаяқтықтың алдын алып, қорғану жолдары қандай?
1. Банктағы шоттарыңызды жиі тексеріп отырыңыз. Егер сіз күмәнді өзгерістерді байқап қалсаңыз, бұл туралы тиісті орындарға тез арада хабар беріңіз.
2. Компьютер мен жеке ақпаратты қорғау үшін брандмауэр мен вирусқа қарсы бағдарламалық құралды орнатыңыз және оларды үнемі жаңартып отырыңыз.
3. Компьютеріңіздегі ақпараттық жүйені және бағдарламалық құралды жиі жаңалап отырыңыз.
4. Wi-Fi желісін шифрлеу арқылы қорғаңыз.
5. Сілтемеге өтуді меңзейтін хабарламалардан сақ болыңыз. Күмәнді хабарламалардағы сілтемені баспаңыз.
6. Әлеуметтік желіңізге немесе электронды поштаңызға келген күдікті хабарламаны дереу толығымен өшіріп тастаңыз.
7. Егер сіз абайсызда күмәнді хабарламадағы сілтемені басып қойған болсаңыз, антивирустық бағдарламаны қосып, жүйені толық тексеріп шығыңыз.
8. Сізге келген хабарламаның заңдылығын тексеру үшін компаниямен тікелей байланысыңыз немесе олардың веб-мекен-жайын енгізу арқылы веб-бетіне кіріп тексеріңіз. Алайда хабарламада көрсетілген сілтеме арқылы веб-бетке өтпеңіз.
9. Жеке құпия сөздеріңізді қауіпсіз жерде сақтаңыз. Сіздің құпия сөздеріңіз 8 символдан, сандардан және әріптерден құралғаны дұрыс. Әрбір онлайн тіркемелеріңізге әртүрлі құпия сөз пайдаланыңыз. Және оларды қауіпсіз жерге жазып алыңыз.
10. Хабарласқан бөгде адамдарға жеке немесе қаржылық деректеріңізді ешқашан айтпаңыз.
11. Қорғалмаған, ашық Wi-Fi желісі арқылы өзіңіздің жеке шотыңызға кірмеңіз жіне сауда жасамаңыз.
12. Ұялы телефоныңыздағы банк қосымшаларына, жеке деректерге құпия сөз енгізіп қойыңыз.
13. Сатып алатын немесе жеке деректерді енгізетін сайттардың мекенжайларына назар аударыңыз. Сайт беті «http» деп емес, «https» арқылы басталуы тиіс.
Интернет-алаяқтық жаһандық мәселе айналып отыр. Ақпараттық сауаттылықты дамыту және сақтық шараларын қолдану арқылы ғана біз өзімізді және жеке деректерімізді алаяқтардың ықпалынан қорғай аламыз.

