03
декабрь
2025
«Кітап-ең құнды сыйлық» .
«Кітап-ең құнды сыйлық» .
Шымкент қаласы №134 жалпы орта білім беретін мектебінде
«Ұлттық құндылықтар» аясында мектеп басшысы Асылбек Бейсенбекұлы мемлекет және қоғам қайраткері Күләш Шәмшидинованың «Үздік» атты туындысының үш данасын мектеп кітапханасына тарту етті.
«Үздік» атты туындыда бала тәрбиесіне арналған, баламен қарым-қатынас қалай құрылу керектігі айтылады, автор өзінің оқыған-тоқығаны мен көрген-түйгенін тәжірибесіне сүйене отырып, мұғалім – оқушы – ата-ана қарым-қатынасындағы түйіткілдерді саралайды. Қоғамдағы үдерістерді қаперге ала отырып, оларды заман талабына қалай бейімдейміз деген сауалдарға жауап іздейді.
«Бұл кітап баланы қайткен күнде де озат қылып тәрбиелеу туралы емес. Бұл кітап өмірден өз орнын таба алатын, жауапкершілікті түсінетін, бақытты, табысты адам тәрбиелеу туралы. Баланы шын мәнінде үздік қылатын нәрсе – осы», - дейді автор.
Біздің басты мақсатымыз оқушылардың кітапқа деген құрмет сезімін қалыптастыра отырып, ізгілік пен рухани-адамгершілікке, азаматтық қасиеттерге, жеке тұлға тәрбиелеу.
Кітапханаға кітап тарту еткен мектеп басшысы Асылбек Бейсенбекұлына үлкен алғыс білдіреміз!
