27
апрель
2021
ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ҮШІН ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫН БІТІРУ МАҢЫЗДЫ ЕМЕС
“ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ҮШІН ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫН БІТІРУ МАҢЫЗДЫ ЕМЕС” ДЕБАТ
№134 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-10 сынып оқушылары арасында "Оппозиция" фракциясы мен "Үкімет" фракциялары арасында пікір талас сайыс болып өтті. Дебат Американдық парламент форматында болды. Қазақ лигасы бойынша 3 спикерден қатысқан пікір талас сайысында ұсынылған қарар: “Жетістікке жету үшін жоғарғы оқу орнын бітіру маңызды емес" тақырыбында пікір бөлісті. Оқушылар дебат барысында дәлелді жауаптар мен ұтымды ойларын ортаға салды.
Мақсаты: оқушылардың қоғамдағы білім беру мәселелері, білім ресурсы туралы ақпараттық тұрғыда ой қозғауы. Сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту.



