04
июнь
2025
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні.
Бұл күн – тәуелсіз еліміздің айбынын, халқымыздың болмысын айқындайтын аса маңызды күндердің бірі. Елтаңба, Ту мен Әнұран – халқымыздың тарихын, мәдениетін және асқақ арманын бейнелейтін ерекше құндылықтар.
Оларды құрметтеу – елге деген сүйіспеншіліктің белгісі, әр азаматтың парызы.
Осы айтулы күнмен баршаңызды құттықтаймын!
Еліміз аман, бірлігіміз бекем болсын, көк Туымыз әрқашан желбіресін!