04
июнь
2024
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ «ӘНҰРАНЫМ – АЙБЫНЫМ» АТТЫ ЧЕЛЛЕНДЖ ОРЫНДАДЫ.
№134 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ 4 МАУСЫМ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ «ӘНҰРАНЫМ – АЙБЫНЫМ» АТТЫ ЧЕЛЛЕНДЖ ОРЫНДАДЫ.
4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Астана қаласының оқушылары «Әнұраным – айбыным» атты челлендж бастаған болатын. Бастамаға 5-12жас аралығындағы 120 шақты бүлдіршін атсалысып, челлендж орындады. Мектебіміздің "Әншуақ" жазғы сауықтыру лагерінің оқушылары "Көк тудың желбірегені" әнін орындады.
1992 жылы дәл осы күні Тәуелсіз Қазақстанның Туы, Елтаңбасы және Гимні бекітілді. Бұл рәміздер елдің егемендігі мен бірегейлігін бейнелеп, қазақстандықтарды рухтандырады және біріктіреді. Ту, Елтаңба және Гимнді құрметтеу және қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Тәуелсіздіктің көк туы желбіреп, елтаңба мәртебемізді көрсетіп, әнұран Ұлы даланың еркіндік үнін жеткізе берсін. Мереке құтты болсын!
