Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N134 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 26-31 наурыз аралығында оқушылардың көктемгі демалысын тиімді өткізу мақсатында мектебіміздің 9-11 сынып мектеп ауласын тазарту ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
«Елімізді көгалдандыру, абаттандыру – мемлекеттік маңызы бар іс. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпы ұлттық мәселе». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деген еді.
Мақсат – халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлық сезімді ояту, туған өлкені абаттандырып, гүлдендіруге үлес қосу.
Ендеше, барлық азаматтарды өңірдегі тазалықты сақтауға белсенді қатысуға шақырамыз!