02
май
2024
🌿"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" 🌿РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА "МЕНІҢ МЕКТЕБІМ" АТТЫ ІС ШАРАСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N 134 жалпы орта білім беретін мектебінде мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан" Республикалық экологиялық акциясын жүзеге асыру, қала тұрғындарына жақсы үлгі көрсету, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйретумен қатар оларды еңбекке баулу мақсатында осы жылдың 2 мамыр күні мектеп бітіруші түлектері тарапынан "Менің мектебім" іс- шарасы аясында мектеп ауласын тазалау, ағаштардың түбі жұмсартылып, арықтар алынып, гүлдер егіліп, су құю жұмыстары ұйымдастырылды. Іс- шара барысында мектеп айналасы қоқыстардан тазартылып, гүлдер мен талдардың түптерін қопсытылып, арам шөптерден тазарту жұмыстары жүргізілді. Балаларымызды табиғатты аялауға, табиғатымыздың бүгінгі ахуалын бағалауға, туған өлкені, білім ордасы болған мектепті қоқыстардан таза ұстауға шақырайық!!!




