ҰЛТТЫҚ КИІМ-ҰЛТ БЕЙНЕСІ


Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N134 жалпы орта білім беретін мектебінде "НАУРЫЗНАМА" онкүндігі жоспарына сәйкес 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Ұлттық киім - қай ұлттың болмасын салт-дәстүрі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Оған жай киім ретінде емес, бүтін бір ұлттың бет-бейнесін айқындайтын мұра, сан ғасырлық тарихы бар көркем туынды деп қарауымыз керек.

Қазақтың ұлттық киімі қарапайым әрі әдемілігімен, ерекшелігімен ғасырлар бойы тамсандырып келеді.

Бүгін - халық рухының кеңдігін, таңғажайып күйін бейнелейтін ұлттық киімнің дизайны мен көркемдігіне, қайталанбас өрнегіне тамсанып, бұл өнердегі бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн.

Ең әдемі киім - ұлтыңның киімі. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем емес. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған.