30
январь
2025
ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ ЖОБАСЫ МЕКТЕПІШІЛІК ПІКІРСАЙЫС
ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ ЖОБАСЫ
МЕКТЕПІШІЛІК ПІКІРСАЙЫС
Бүгін N134-мектепте 7-8-9 сынып оқушылары арасында мектепішілік пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде өтті. Зияткерлік тартысқа 20 оқушы, 10 фракция қатысып, үш іріктеу раундынан соң жартылай финалистер анықталды.
Турнирге Tallup N134-мектеп дебат клубының жетекшісі Лазат Қалмурзаева жетекшілік етіп, оқушылар сарайының “Ұшқын” дебат клубының жетекшісі Сара Әшірханқызы әдістемелік қолдау көрсетті.
Талқы мен тағылымға толы бұл додада қатысушылар шешендік өнерлерін шыңдап, ой ұшқырлығы мен дәлел келтірудегі шеберліктерін көрсетті. Күрделі мәселелерді талдап, өз ұстанымдарын қорғауда оқушылар сенімділік пен тапқырлық танытты.
Пікірсайыс – тек интеллектуалды ойын емес, болашақ көшбасшылардың қалыптасу алаңы. Осындай турнирлер оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, сөз мәдениетін жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді.





