28
январь
2025
ҰШҚЫР-ОЙ АЛАҢЫ ЖОБАСЫ
ҰШҚЫР-ОЙ АЛАҢЫ ЖОБАСЫ
Шымкент қалалық білім басқармасына N134 жалпы орта білім беретін мектебінде "ҰШҚЫР-ОЙ АЛАҢЫ" жобасы аясында дебат ұйымының жетекшісі Л.Н.Калмурзаеваның ұйымдастыруымен жоспарға сай, кезекті пікірсайыс өткізілді.
БП: Бір реттік ыдыстарды пайдасы бар деп есептейді.
Пікірталас барысында бірінші болып сөз алған «Үкімет» өкілінің лидері Құнанбай Кәусар мен спикері Райымқұл Аяулым бір реттік ыдыстардың пайдасы туралы тілге тиек етті. Барынша озық ойлы аргументтерді алға тартты.
Қарсы топты толық тыңдап, өз кезегінде «Оппозиция» өкілдері Жаппарова Жанат және спикері Маликова Асия қарсы шығып, өз ойларымен дәлел келтірді, елдегі бар мәселелерге тоқталды. Нәтижесінде "Үкімет" өкілдері жеңіске жетті.


